«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
2020 жылдың 10 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері»тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Семинарда Қарағанды облысының дене шынықтыру қауымдастығының төрайымы Перепелица Инна Григорьевна, Жезқазған қаласының №5 ЖББОМ дене шынықтыру мұғалімі Тулешов Мухаммед Даулетбекович сөз сөйледі. 289 дене шынықтыру мұғалімі қамтылды.