IIIоблыстық ғылыми – тәжірибелік конференция аясында 2015 жылдың 25мамырында Қарағанды транспортты-технологиялық колледжінде экономика және сервис саласы оқытушыларының (шаштараз ісі, туризм, тамақтануды ұйымдастыру, құқық,экономика)секциялық отырысы өтті.Сонымен қатар секциялық отырыс экономика және сервис саласы оқытушыларының 2014-2015 оқу жылындағы соңғы отырысы болып саналды.
Отырысқа Қарағанды облысының білім басқармасының өкілдері, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, экономика және сервис саласының және шаштараз ісі, туризм, тамақтануды ұйымдастыру бойынша арнайы пәндероқытушылары қатысты.
Семинар модераторы: Асакаева Дана Саламатовна Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары.