«Тау-кен ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн отырысы
2020 жылдың 15 сәуірінде «Тау-кен ісі» бағыты бойынша онлайн форматта Қарағанды облысының колледждерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің отырысы өтті. Облысымыздың 7 колледжінен 11 оқытушы қатысты.
Отырыс барысында облыстық әдістемелік бірлестіктің одан әрі жұмысы, оқытушылардың видеоконтенттер банкін құру мәселелері және келесі өткізілетін отырыстың бағдарламасы талқыланды.