Размер шрифта:
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн отырысы
15-04-2020 08:50
«Автомобиль көлігі»  бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн отырысы

2020 жылдың 15 сәуірінде Zoom бағдарламасы арқылы облыс колледждерінің «Автомобиль көлігі»  бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Отырысқа 29 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Отырыс барысында қашықтықтан оқыту түрінде ОӘБ-ның одан әрі жұмысын жүргізу; видеоконтенттер мен презентациялар базасын құру; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары сияқты мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ басшысы Н.Т.Көпбаев отырыстың қорытындысын шығарды.