«Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн отырысы
15-04-2020 08:57
«Өнер»  бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн отырысы

2020 жылдың 15 сәуірінде Zoom бағдарламасы арқылы облыс колледждерінің «Өнер»  бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінің 6 оқытушысы қатысты.

Отырыс барысында қашықтықтан оқыту түрінде ОӘБ-ның одан әрі жұмысын жүргізу; видеоконтенттер мен презентациялар базасын құру; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары сияқты мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ басшысы Д.Е. Аманова отырыстың қорытындысын шығарды.