Размер шрифта:
Математика және физика оқытушыларының Облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
16-04-2020 12:50
Математика және физика оқытушыларының Облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы

2020 жылдың 16 сәуірінде SABAK.KZ платформасында математика және физика оқытушыларының қатысуымен облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Барлығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 71 физика пәнінің және 54 математика пәнінің оқытушылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар айтылды:

1. ОӘБ жұмысын талқылаудықашықтықтан өткізу;

2. ҚО ББ ОӘО сайтында физика және математика пәндері бойынша бейнесабақтар мен презентациялардың облыстық электронды базасын құру;

Сонымен қатар қашықтықтан оқыту кезінде online оқыту тәжірибесі ұсынылды:

1. Лопатко И. Г., математика және физика оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық - техникалық колледжі» КМҚК, «BANDICAM платформасында математикадан «Комбинаторика» сабағын жасау және көрсету»;

2. Ідірісова М. С., «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ физика пәнінің оқытушысы, «Астрономия бөлімін қорытындылау және өткен тақырыптар бойынша есептер шығару».