Размер шрифта:
«Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
16-04-2020 12:54
«Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы

2020 жылдың 15 сәуірінде «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігініңотырысы онлайн форматтаөтті.

Онлайн отырысқа облыс колледждерінің 27 инженер-педагог қызметкерлері қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1. ОӘБ жұмысын одан әрі ұйымдастыруды қашықтықтан онлайн режимде талқылау. «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық конкурсты келесі оқу жылының басына ауыстыру;

2. Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында «Сервис» бағыты бойынша ОӘБ бөлінісінде бейнетаспалар мен материалдардың бірыңғай каталогын құру бойынша ақпарат және мәселелерді талқылау;

3. Келесі оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын жасау.

4. Әртүрлі ұйымдастыру сұрақтары. Сұрақ-жауаптар.