Размер шрифта:
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
16-04-2020 12:11
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы

2020 жылдың 16 сәуірінде Zoom қосымшасы арқылы облыс колледждерінің «Өзін - өзі тану» пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Онлайн отырысқа 38 оқытушы қосылды.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер айтылды: ОӘБ-ның одан әрі жұмысын қашықтықтан жүргізу; видеоконтенттер мен презентациялар базасын құру; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары; мамыр айының басында Қарағанды гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларына арналған семинар-тренинг өткізу.;

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ басшысы А.О.Абельгазина отырыстың қорытындысын шығарды