Размер шрифта:
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы
16-04-2020 13:16
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы

2020 жылдың 16 сәуірінде Zoom қосымшасы арқылы облыс колледждерінің «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Отырысқа 29 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар талқыланды: ОӘБ жұмысын қашықтықтан жүргізу; видеоконтенттер мен презентациялар базасын құру; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары; колледж студенттері арасында Қарағанды тау-кен-индустриялық колледжінде өтетін «Мамандығы бойынша үздік» конкурсын келесі оқу жылының басына ауыстыру. 

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды және ОӘБ жетекшісі Ю.И.Сапунов отырыстың қорытындысын шығарды.