«Туризм» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-кеңесі
2020 жылдың 17 сәуірінде онлайн форматта Қарағанды облысының колледждерінің «Туризм» бағыты бойынша оқытушыларының кеңесі өтті. Іс-шараға облысымыздың 5 колледжінен 6 оқытушы қатысты.
Кеңестің барысында облыстық әдістемелік бірлестіктің одан әрі жұмысы, оқытушылардың видеоконтенттер банкін құру мәселелері және жоспарланған «Менің туған өлкемнің тарихы мен мақтанышы», «Виртуалдық экскурсия» конкурстарын сырттай-қашықтық форматында өткізу талқыланды.