Экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-кеңесі
17-04-2020 10:30
Экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-кеңесі

2020 жылдың 17 сәуірінде онлайн форматта Қарағанды облысы колледждерінің экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің кеңесі өтті. Іс-шараға облысымыздың 49 оқытушы қатысты.

Кеңестің барысында облыстық әдістемелік бірлестіктің одан әрі жұмысы, оқытушылардың видеоконтенттер банкін құру мәселелері және келесі өткізілетін отырыстың бағдарламасы талқыланды. Сонымен қатар «Жастар шағын бизнеске» атты облыстық студенттік олимпиаданы келесі оқу жылына ауыстыру туралы шешім қабылданды.