Әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің оnline отырысы
17-04-2020 10:32
Әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің оnline отырысы

2020 жылдың 17 сәуірінде облыс колледждері әдіскерлерінің ОӘБ online отырысы өтті.

Онлайн отырысқа 74 адам қатысты (әдіскерлер, директордың оқу ісі, ғылыми және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары).

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды және талқыланды:

1. Қашықтық форматындағы әдіскерлердің ОӘБ жұмысы туралы.

2. 2020 жылдың сәуір айында әдіскерлердің ОӘБ отырысын өткізу туралы.

3. Бейнеконтенттердің бірыңғай каталогын құру туралы.

Сонымен қатар «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Акжанова Zenclass платформасында студенттерді қашықтықтан оқыту үшін пәндер бойынша курстар құру тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар облыстық ТжКБ оқу орындарының педагог қызметкерлеріне көмек көрсету үшін тікелей ОӘБ шеңберінде қашықтықтан оқыту үшін бейнесабақтар мен презентациялар жасау мүмкіндігі туралы пікірлерін білдірді.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды және ОӘБ жетекшісі Е. М. Квитко отырыс қорытындысын шығарды.