2020 жылдың 15 сәуірінде онлайн форматта қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Онлайн отырысқа облыстың колледждерінен 64 оқытушы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылармен қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысын онлайн форматта әрі қарай ұйымдастыру мәселесі. Жоспар бойынша сәуір айында Теміртау кәсіптік-техникалық колледж базасында өткізілуге тиіс дәстүрлі «Абай оқулары» облыстық сайысын келесі оқу жылына шегерту жөнінде;
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысы шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында видеоконтенттердің жалпыға ортақ каталогын құру туралы;
3. Әр түрлі. Келесі оқу жылына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын құру жөнінде. Пікірлер мен ұсыныстар.
Отырыс соңында ОӘБ жетекшісі А.С.Баймолдина мен бірнеше колледж оқытушылары ой бөлісіп, ұсыныстарын айтты.