Шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы
17-04-2020 10:48
Шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы

2020 жылдың 17 сәуірінде онлайн форматта шетел тіліпәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Онлайн отырысқа облыстың колледждерінен 56 оқытушы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес отырыста келесі сұрақтар қарастырылды:

1.  Қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылармен шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысын онлайн форматта әрі қарай ұйымдастыру мәселесі. «Үлкен жарыс» облыстық сайысын және «Педагогикалық идеялар жинағы»  іс-шарасын келесі оқу жылының басына шегерту жөнінде;

2.  Шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысы шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында видеоконтенттердің жалпыға ортақ каталогын құру туралы;

3.  Келесі оқу жылына арналған шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын құру жөнінде. Пікірлер мен ұсыныстар.

Әртүрлі ұйымдастыру сұрақтары. Сұрақ-жауаптар.