2020 жылдың 17 сәуірінде онлайн форматта шетел тіліпәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Онлайн отырысқа облыстың колледждерінен 56 оқытушы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылармен шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысын онлайн форматта әрі қарай ұйымдастыру мәселесі. «Үлкен жарыс» облыстық сайысын және «Педагогикалық идеялар жинағы» іс-шарасын келесі оқу жылының басына шегерту жөнінде;
2. Шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысы шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында видеоконтенттердің жалпыға ортақ каталогын құру туралы;
3. Келесі оқу жылына арналған шетел тілі пәні оқытушыларының ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын құру жөнінде. Пікірлер мен ұсыныстар.
Әртүрлі ұйымдастыру сұрақтары. Сұрақ-жауаптар.