«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ онлайн отырысы
2020 жылдың 17 сәуірінде онлайн форматта «Құқық» бағыты бойыншаоблыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Онлайн отырысқа облыстың колледждерінен 17 оқытушы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста келесі сұрақтар қарастырылды:
- Қашықтықтан оқыту кезінде «Құқық» бағыты бойыншаОӘБ жұмысын онлайн форматта әрі қарай ұйымдастыру мәселесі. Жоспар бойынша сәуір айында Көпсалалы гуманитарлық- техникалық колледжбазасында өткізілуге тиіс «Жастар және қазақстандық қоғам дамуының құқықтық аспектілері» облыстық сайысын келесі оқу жылына шегерту жөнінде;
- «Құқық» бағыты бойыншаоблыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында видеоконтенттердің жалпыға ортақ каталогын құру туралы;
- Келесі оқу жылына арналған «Құқық» бағыты бойыншаОӘБ жұмыс жоспарының жобасын құру жөнінде. Пікірлер мен ұсыныстар.
- Әртүрлі ұйымдастыру сұрақтары. Сұрақ-жауаптар.