Педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы
2020 жылдың 17 сәуірінде онлайн форматта педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Онлайн отырысқа облыстың колледждерінен 18 оқытушы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Қашықтықтан оқыту кезінде педагогикалық пәндер ОӘБ жұмысын онлайн форматта әрі қарай ұйымдастыру мәселесі;
2. Педагогикалық пәндер оқытушыларыныңОӘБ жұмысы шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында видеоконтенттердің жалпыға ортақ каталогын құру туралы;
3. Келесі оқу жылына арналған педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын құру жөнінде. Пікірлер мен ұсыныстар.
Әртүрлі ұйымдастыру сұрақтары. Сұрақ-жауаптар.