www.bilimland.kz электронды оқыту платформасында жаңа «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» модулін қолдану бойынша Қарағанды облысының әдіскерлері мен мектеп мұғалімдеріне және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына онлайн-тренинг өткізіліп жатыр.
22-04-2020 14:20

2020 жылдың 21-24 сәуір аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Bilim Media Group» компаниясымен бірлесе отырып, www.bilimland.kz электронды оқыту платформасында жаңа «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» модулін қолдану бойынша Қарағанды облысының әдіскерлері мен мектеп мұғалімдеріне және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына онлайн-тренинг өткізіліп жатыр.

bilimland.kz электронды платформасында: 

- 42000 бейнесабақ;

- 220000 жаттығу;

- 980000 үй жұмысы мен тест тапсырмалары бар.

Сәуір айының 22 күні өткен онлайн-тренингке 372 тыңдаушы қатысты. Оның ішінде:

Жезқазған қаласынан – 89 мұғалім, 

Қарағанды қаласынан  – 121 мұғалім,

Қаражал қаласынан – 54 мұғалім, 

Қарқаралы ауданынан – 31 мұғалім, 

Нұра ауданынан – 77 мұғалім.