«Bilim Media Group» компаниясы Қарағанды облысымен 5 жыл бойы бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға қарамастан оқушылардың сапалы білім алуына, ал мұғалімдердің балаларды қашықтықтан оқытуына қажетті барлық техникалық және мазмұндық қолдау көрсетуде.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Bilim Media Group» компаниясымен бірлесе отырып 2020 жылдың 21-24 сәуір аралығында www.bilimland.kz электронды оқыту платформасында жаңа «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» модулін қолдану бойынша Қарағанды облысының әдіскерлері мен мектеп мұғалімдеріне және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына онлайн-тренинг өткізіп жатыр.
bilimland.kz электронды платформасында:
- 42000 бейнесабақ;
- 220000 жаттығу
- 980000 үй жұмысы мен тест тапсырмалары бар.
Сәуір айының 22 күні өткен онлайн-тренингке 372 тыңдаушы қатысты. Оның ішінде:
Жезқазған қаласы – 89 мұғалім,
Қарағанды қаласы – 121 мұғалім,
Қаражал ауданы – 54 мұғалім,
Қарқаралы ауданынан – 31 мұғалім,
Нұра ауданынан – 77 мұғалім