Размер шрифта:
Www.bilimland.kz электронды оқыту платформасындағы «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» жаңа модулін қолдану бойынша онлайн-тренинг.
24-04-2020 15:54
Www.bilimland.kz электронды оқыту платформасындағы  «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» жаңа модулін қолдану бойынша онлайн-тренинг.

2020 жылдың 21-24 сәуір аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Bilim Media Group» компаниясымен бірлесе отырып, www.bilimland.kz электронды оқыту платформасындағы  «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» жаңа модулін қолдану бойынша Қарағанды облысының әдіскерлері мен мектеп мұғалімдеріне және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына онлайн-тренингтер өткізді.

Онлайн-тренингте мұғалімдерге «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» модулінің жаңа фунцияоналдары таныстырылды:

- сабақ кестесі;

- үй тапсырмасын беру, тексері, бағалау;

- кері байланыс;

- мониторинг, оқушының жетістігін бағалау;

- мұғалім мен сыныптың байланысы;

- мұғалім мен оқушының байланысы.

Сәуір айының 23-24 күндері өткен онлайн-тренингке 670 тыңдаушы қатысты. Оның ішінде:

Осакаровка ауданынан – 98 мұғалім,

Приозерск қаласынан – 79 мұғалім,

Сарань қаласынан – 80 мұғалім,

Сатпаев қаласынан– 81 мұғалім,

Теміртау қаласынан – 74 мұғалім,

Ұлытау ауданынан – 85 мұғалім,

Шахтинск қаласынан – 77 мұғалім,

Шет ауданынан – 59 мұғалім,

Облыстық білім беру ұйымдарынан – 37 мұғалім.