2020 жылдың 21-24 сәуір аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Bilim Media Group» компаниясымен бірлесе отырып, www.bilimland.kz электронды оқыту платформасындағы «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» жаңа модулін қолдану бойынша Қарағанды облысының әдіскерлері мен мектеп мұғалімдеріне және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына онлайн-тренингтер өткізді.
Онлайн-тренингте мұғалімдерге «ОНЛАЙН-МЕКТЕП» модулінің жаңа фунцияоналдары таныстырылды:
- сабақ кестесі;
- үй тапсырмасын беру, тексері, бағалау;
- кері байланыс;
- мониторинг, оқушының жетістігін бағалау;
- мұғалім мен сыныптың байланысы;
- мұғалім мен оқушының байланысы.
Сәуір айының 23-24 күндері өткен онлайн-тренингке 670 тыңдаушы қатысты. Оның ішінде:
Осакаровка ауданынан – 98 мұғалім,
Приозерск қаласынан – 79 мұғалім,
Сарань қаласынан – 80 мұғалім,
Сатпаев қаласынан– 81 мұғалім,
Теміртау қаласынан – 74 мұғалім,
Ұлытау ауданынан – 85 мұғалім,
Шахтинск қаласынан – 77 мұғалім,
Шет ауданынан – 59 мұғалім,
Облыстық білім беру ұйымдарынан – 37 мұғалім.