PIRLS – бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалайтын халықаралық зерттеу.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2020 жылдың 24 сәуір күні бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалайтын PIRLS-2021 халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында онлайн семинар өтті.
Семинарғақалалық / аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинарда «Ақпараттық мәтіндер арқылы оқушылардың оқу сапасын бағалау» тақырыбында Кожабаева Ө.М. және «Оценка качества чтения и понимания текста» тақырыбында Туякова Р.С.,Қарағанды қаласы №68 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімдері өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.