«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» жобасы бойынша онлайн-кеңес
28-04-2020 08:31
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» жобасы бойынша онлайн-кеңес

2020 жылдың сәуір айының 28 күні ZOOM платформасында «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат»  облыстық бауқауының сайтына техникалық қызмет көрсету туралы онлайн-кеңес өткізілді. 

Кеңесті ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Аринов Есбол Рымбекович, ҚО ББД ОӘО инновациялық оқыту түрлері және электрондық білім беру бөлімінің меңгерушісі Серікбаева Айым Рымбекқызы, ҚО ББД ОӘО инновациялық оқыту түрлері және электрондық білім беру бөлімінің әдіскері Қали Арайлым Ардаққызы және kartakrg.kz сайтының техникалық директоры Бердиxоджаев Адилбек Сайлауович өткізді.

Кеңес барысында фотосуреттерді панорамалық режимде қалай дұрыс құру керектігі, оларды қандай бағдарламалар арқылы 3D форматта модельдеуге, Pano2VR бағдарламасын пайдаланып панорамалық экскурсияны қалай құруға және оларды сайтқа қалай жүктеуге болатындығы түсіндірілді, сонымен қатар байқаудың сырттай кезеңін өткізу мерзімін     2020 жылдың мамыр айының 4 күніне дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Онлайн-кеңеске 57 тыңдаушы қатысты.