Размер шрифта:
«Кәсіби бағдар сағаты» вебинары
28-04-2020 15:05
«Кәсіби бағдар сағаты» вебинары

2020 жылдың 28 сәуірінде SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына мамандық, оқу орнын таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары өтті.

Барлығы 107 қатысушы қосылды.

Ақпараттық әдіс-оқушыларды заманауи мамандықтар, облыс колледждері, еңбек нарығы туралы және өз мансабын қалай жоспарлау туралы әртүрлі ақпаратпен қамтамасыз ету.

Бекітілген кестеге сәйкес «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК мамандық туралы бейнероликтерді, электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін online түрде көрсетті.

Вебинар қатысушыларымен SABAK.KZ платформасының чаты арқылы кері байланыс жүргізілді.