«Үздік әдістемелік әзірлеме» байқауының қазылар алқасының онлайн отырысы
28-04-2020 14:16
«Үздік әдістемелік әзірлеме» байқауының қазылар алқасының онлайн отырысы

2020 жылдың 27,28 сәуірінде «Теміржол көлігі» бағыты бойынша оқытушылардың ОӘБ жұмысы аясында «Үздік әдістемелік әзірлеме» байқауының қазылар алқасының онлайн отырысы өтті.

Отырысқа қазылар алқасының 4 мүшесі қатысты:

С.Г. Жазыбаев - Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы ғылыми - техникалық ақпарат және талдау орталығының - Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің  басшысы;

Н.Б. Жаркенов - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көліктік техника және логистикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы;

Н.Н. Оськина – «Теміржол көлігі» бағыты бойынша ОӘБ жетекшісі, А.Т. Альханова - ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері.

Келесі номинациялар бойынша үздік әдістемелік материалдар анықталды:

- Теориялық сабақтың үздік әзірлемесі;

- Өндірістік оқыту сабағының үздік әзірлемесі;

- Әдістемелік құралдың үздік әзірлемесі;

- Өндірістік оқыту бойынша әдістемелік құралдың үздік әзірлемесі;

- Іс-шараның үздік әзірлемесі;

- Оқу тәжірибесінен өту үшін үздік әдістемелік нұсқау;

- Кәсіптік бағдар бойынша үздік әдістемелік әзірлеме.