2020 жылдың 5 мамыр күні Қарағанды облысы педагогтерінің «Педагог дамуының инновациялық траекториясы: теориядан практикаға» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы онлайн режимінде өтті.
Конференцияның модераторы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор Контаев Сәбит Сейітұлы.
Конференцияның пленарлық бөлімінде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Г.С. Копбаева, А.Ж. Сарсембаева, А.Ә. Ботабек, А.А. Казиева сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың жұмысына облыстың 256 педагогі қатысты.
Секциялық отырыс 6 бағыт бойынша өтті:
- «Бастауыш мектеп»;
- «Қазақ, орыс және ағылшын тілдері»;
- «Химия. Биология. Менеджмент»;
- «Математика. Физика. Информатика»;
- «Тарих. География. Дене шынықтыру»;
- «Оқытудағы тәрбие. Инклюзивті білім беру».
Секциялық отырыстарда облыстың 8 өңірінен және облыстық білім беру ұйымдарынан 35 педагог қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы жарияланды, онда Қарағанды облысының 12 аймағының педагогтерінің 127 мақаласы ұсынылды. Оқу-әдістемелік орталықтың сайтында конференция жинағының электрондық нұсқасымен барлық ниет білдірушілер таныса алады.