№3 «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары
04-05-2020 08:51
№3  «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары

2020 жылдың 4 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары өтті.

Барлығы 404 қатысушы қосылды.

Бекітілген кестеге сәйкес «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, «Жезқазған политехникалық  колледжі» КМҚК және «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚКмамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.

Вебинар YouTube арнасында көрсетілді, онда вебинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.