Размер шрифта:
№4 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары
05-05-2020 10:00
№4  «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары

2020 жылдың 5 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары өтті.

Барлығы 152 қатысушы қосылды.

Бекітілген кестеге сәйкес «Жезқазған музыкалық колледжі» КМҚК, «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарақаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК және «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.

Вебинар YouTube арнасында көрсетілді, онда вебинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізілді. Мектеп оқушыларымен кері байланыс SABAK.KZ платформасының чаты арқылы жүргізілді.