2020 жылдың 11 мамырында Қарағанды облысының орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін карантин кезінде психологиялық көмек көрсету бойынша ЮНИСЕФ вебинарлары өткізілді.
Вебинар үйлестірушісі: Кадирова Айгуль Шариповна, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Жасөспірімдер мен жастарды дамыту» бағдарламасының үйлестірушісі.
Вебинарлардың презентаторлары:
- Абдрахманова Сымбат Нуртазаевна, психолог, ЮНИСЕФ-тің ұлттық жаттықтырушысы;
- Грошева Елена Александровна, ЮНИСЕФ-тің ұлттық жаттықтырушысы.
Вебинарларға қатысушылар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына арналған сарамандық ұсынымдармен және веб-сайт жұмысымен танысты https://covid-19.mentalcenter.kz/ru/.
Вебинарларға Қарағанды облысының 250 педагог-психологтары қатысты.