«Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында «Музыка мектептері мен колледждердің білім алушыларының концерттік – конкурстық қызметі» тақырыбында онлайн-семинар
11-05-2020 12:14
«Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында «Музыка мектептері мен колледждердің білім алушыларының концерттік – конкурстық қызметі» тақырыбында онлайн-семинар

2020 жылдың 11 мамырында Zoom қосымшасы арқылы облыстық колледждер мен музыка мектептерінің «Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында «Музыка мектептері мен колледждердің білім алушыларының концерттік – конкурстық қызметі» тақырыбында онлайн – семинар өтті.

Семинарға облыстың колледждері мен музыкалық мектептерінің 18 оқытушысы, ОӘО 2 өкілі қатысты.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері М.С. Төлекованың алғы сөзінен кейін, ОӘБ жетекшісі Д.Е. Аманова сөз сөйледі.

Семинар бағдарламасына сәйкес «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК«Үрмелі, соқпалы және эстрадалық аспаптар» бөлімінің меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы Файзурахманов Д.А. «Білім алушыларды конкурстық және концерттік қойылымдарға дайындау» тақырыбында сөз сөйледі.

Келесі сұрақ бойынша Қарағанды қ. гитаристтер әдістемелік бірлестігінің төрағасы, «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК оқытушысы В.Ж. Шакенов «Концерттік және конкурстық қойылымдар контексінде гитаристтің классикалық репертуары» тақырыбында сөз сөйледі.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды және ОӘБ жетекшісі Д.Е. Аманова отырыстың қорытындысын жасады.