Балалардың кәсіби өзін–өзі анықтауы үшін жағдай жасау-маңызды бағыттардың бірі.
2020 жылдың 12 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары өтті.
Барлығы 124 қатысушы қосылды.
Бекітілген кестеге сәйкес «Қарағанды көлік – технологиялық колледжі» КММ, «Қарағанды тау – кен индустриалды колледжі» КММжәне Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің оқу орындарынонлайн форматта көрсетті.
Вебинар YouTube арнасында көрсетілді, онда вебинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.