Бүгінгі шылымсыз күн-ертеңгі болашақ кепілі
2015 жылдың 30 мамырында Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «ЖАС КЕН» орталығымен бірлесіп, дүниежүзілік шылым тартуға қарсы «Бүгінгі шылымсыз күн-ертеңгі болашақ кепілі» атты акция өткізді.
Акция аясында студенттер арасында 4 кезеңнен тұратын конкурс өткізілді. Әділқазылар алқасының шешімімен колледждер жүлделі орындарды төмендегі рет бойынша бөлісті:
1-орын Қарағанды индустриялды –техникалық колледжі
2-орын Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі
3-орын Қарағанды машина жасау колледжі
Қарағанды транспортты-технологиялық колледжі