Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ
13-05-2020 12:33
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ

2020 жылдың 13 мамырында онлайн режимінде Қарағанды облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөнінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің модераторы Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Е.Н. Иманғалиев.                                                     

Онлайн - отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің, ПМПК, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ біздің облыстың білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кеңесте баяндамалармен сөз сөйлегендер:                                              

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ дефектология кафедрасының меңгерушісі  Г.К. Алшынбекова;

ҚО ББ тұлғаның рухани - адамгершілік дамуы және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы Л.К. Гавриленко;

- «Қарағанды облыстық ПМПК» КММ басшысы Ж.А. Ержолова.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, ОПМПК, білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығына тапсырмалар берілді.