Өзін - өзі тану пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері» тақырыбында онлайн-семинар
14-05-2020 16:44
Өзін - өзі тану пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері» тақырыбында онлайн-семинар

2020 жылдың 14 мамырында Zoom қосымшасы арқылы өзін – өзі тану пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Семинарға облыс колледждерінің өзін-өзі тану пәнінің 27 оқытушысы қосылды.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері М. С. Төлекованың алғы сөзінен кейін, ОӘБ жетекшісі А.О. Абельгазина кіріспе сөз сөйледі.

Семинар бағдарламасына сәйкес «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысы Г.Р. Төребаева «Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері» тақырыбында сөз сөйледі.

Келесі сұрақ бойынша «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысы А.Г. Валиева «Заветы духовных учителей человечества» тақырыбында сөз сөйледі.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ жетекшісі А. О. Абельгазина отырыстың қорытындысын шығарды.