№10 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары
2020 жылдың 15 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары өтті.
Барлығы 208 қатысушы қосылды.
Бекітілген кестеге сәйкес «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ, «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.