Экономикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ онлайн-отырысы
2020 жылдың 14 мамырында Zoom бағдарламасындаэкономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Біздің облыстың 25 колледжінің қатысушылары Қарағанды коммерциялық колледжінің қашықтықтан оқыту тәжірибесімен танысты. Колледж оқытушылары А. А. Легостаева мен В. Г. Винокурова тәжірибеліксабақтардыөткізу, сондай-ақ Moodle платформасы жағдайында оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетті.