Размер шрифта:
№11 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары
18-05-2020 16:37
№11 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары

2020 жылдың 18 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары өтті. Жасөспірімге мамандық таңдауда көмек көрсете отырып, оған типтік қателіктерді болдырмауға көмектесу керек. Оларды білу жас адамды артық немесе дұрыс емес қадамдардан қорғайды, уақытты үнемдейді және ол үшін ең қолайлы мамандық алуға көмектеседі.

Вебинарға барлығы 78  қатысушы қосылды.

Бекітілген кестеге сәйкес «Ақтоғай агротехникалық колледжі» КММ және  «Бұқар Жырау агротехникалық колледжі» КММ мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің оқу орындарын онлайн форматта көрсетті.