Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған онлайн семинар
18-05-2020 13:11
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған онлайн семинар

2020 жылдың мамыр айының 18 күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне онлайн сабақтар өткізілді.

Сабақты Жезқазған қаласының №9 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мұсабаев Сәкен Жанбырбайұлы оқу тілі қазақ тілінде жүргізілетін 8 сыныптарға өткізді. 

Қарағанды қаласының №93 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сейтенова Гульнар Жумагалиевна оқу тілі қазақ тілінде жүргізілетін 7 сыныпқа сабақ көрсетілімін көрсетті.

Жалпы семинарға 70 мұғалім қосылды.