«Тәлімі мол тәлімгер» қашықтықтан өткізілген облыстық байқауына жұмыстар 2020 жылдың 27 сәуірінен 15 мамырына дейін қабылданды.
Байқау жұмыстарының тақырыптары: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы; «Қоғамға қызмет» - еріктілер қозғалысын дамыту; «Табиғат бесігі» - туған жерге жауапкершілікпен және ұқыпты қарау.
2 номинация бойынша барлығы 56 байқау материалдары түсті: «Мәнерлеп оқу» - өлеңдерді және прозаны мәнерлеп оқудың бейне материалдары, «Вокалдық және музыкалық шығармашылық» - байқау тақырыбына сәйкес авторлық музыкалық шығармалардың бейне материалдары.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
«Қоғамға қызмет» номинациясы бойынша Алғыс хаттармен марапатталады: Абдкарим Нуртуган, Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің № 23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ, Исмагулова Акбаян Маммедқызы, арағанды қаласы «№4 ЖББОМ» КММ.
«Табиғат бесігі» номинациясы бойынша Алғыс хаттармен марапатталады: Серикова Айдана Ерланқызы, Жезқазған қаласы «№10 ЖОББМ» КММ; Шәріпова Қырмызы Мұхитқызы, Ұлытау ауданы «№12 Ақтас ЖООНМ» КММ; Бақторазқызы Айгүл, Қарағанды қаласы «№74 ЖББОМ» КММ.
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы» номинациясы бойынша:
I орын - Акаева Назира Төлеуханқызы, Жаңаарқа ауданы «Бидайық ЖОББ»; Кубешев Диас Адилханович, Жезқазған қаласы «№8 гимназия» КММ; Маркелова Елена Андреевна, «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 1 мектеп-гимназиясы» КММ; Кубыкина Галина Валентиновна, Балқаш қаласы «№10 ЖББОМ» КММ.
II орын - Қайырқұлова Әсел Нұрболатқызы, Бұқар жырау ауданы «Ақжар негізгі мектебі»; Шекимова Ақнұр Мағазқызы, Жаңаарқа ауданы «О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі (РО)».
III орын – Аманжолова Мадина Болатовна, «Балқаш қаласының №4 ЖББОМ» КММ; Цэй Зарина Дамировна, Қарағанды қаласының «№48 ЖББОМ» КММ, Ахметжанова Динара Ермалаевна, Қарағанды қаласы «№103 мектеп-лицейі» КММ; Антонова Мария Степановна, Сәтбаев қаласы «№14 НМ» КММ; Бөлекбаева Жарқын Жандарқызы, Қарағанды қаласы «№27 ЖББОМ» КММ.
Алғыс хаттармен марапатталады: Ахметова Айдана Жамбулбековна, Теміртау қаласы «№17 ЖББОМ» КММ; Беисова Гульден Сакеновна, Қарағанды қаласының «№4 ЖББМИ» КММ; Балтабаева Еркеназ Аманбекқызы, Балқаш қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ.
Құрметті байқауға қатысушылар, дипломдар мен алғыс хаттарды «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК-нан 08.06.2020 ж. бастап алуға болады (202 каб.).