№12 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары
19-05-2020 08:48
№12  «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары

2020 жылдың 19 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары өтті.

Барлығы 58  қатысушы қосылды.

Бекітілген кестеге сәйкес «Егіндібұлақ  агротехникалық колледжі» КММ және «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.