Размер шрифта:
«Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жоба аясындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің сайысы
04-06-2015 03:27
«Оқу шаттығы»  әлеуметтік-педагогикалық жоба аясындағы  бастауыш сынып мұғалімдерінің сайысы

2015 жылдың 3-маусымында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік  дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Мұрагер» ДБМ-де «Оқу шаттығы» атты әлеуметтік-педагогикалық жоба аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық сайысы өтті.

Сайыста бастауыш сынып мұғалімдері оқу біліктілігін дамыту жүйесін көрсететін жұмыс жобаларын көптің алдында қорғады. Бұл сайысқа Қарағанды облысының 12 қала мен аудандарының  мұғалімдері қатысты.

Сайыстың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби өсуін дамыту, үздік тәжірибені анықтау және облыс көлемінде тарату.

Сайыс нәтижесі бойынша:

1-орын- Мырзанбек Бұлбұл Қалиақпарқызы, Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі;

2-орын- Бабаханова Гүлден Абдрахманқызы, Шет ауданының М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;

3-орын- Валанчунайте Наталья Викторовна, Валеева Наталья Альбертовна, Сәтпаев қаласының Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері иеленді.

          Бұдан басқа, бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының және функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар жинағының нәтижесі анықталды. Сайысқа 12 аймақтан 13 оқушылар жобасы мен 11 функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар жинағының өтініші түсті.

          Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары бойынша жеңімпаздар:

1-орын– Ахмет Оразалы, Жезқазған қаласы Сәтпаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы, жетекшісі Бектұрова Баян Хамитқызы;

2-орын- Моисенко Иван,  Приозерск қаласы №2 №2 МББК 4-сынып оқушысы, жетекшісі Адреисова Мейрамгүл Тлеуқабылқызы;

3-орын - Жұмабай Айтмұхаммет, Жаңаарқа ауданы О.Жұмабеков атындағы мектептің 4-сынып оқушысы, жетекшісі  Жапсарбаева Айкүміс;

3-орын - Рахметжан Ақнар, Тілеубек Тенез, Дәмежан Шоқан, Жүкей Гүлжан, Онашбай Қайнар, Теміртау қаласы № 9 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушылары, жетекшісі Искендирова Тамара Азирбаевна.

          «Ең үздік функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар жинағы» сайысының жеңімпаздары:

1-орын– Қарағанды қаласы №1 гимназияның бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы;

2-орын– Бұқар жырау ауданы Елтай, Токарев, Үштөбе орта мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы,

2-орын – Абай ауданы №14 мектеп-лицейініңбастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы;

3-орын– Қозыбаева Гүлнұр Жұмабекқызы, Жезқазған қаласы  Сәтпаев атындағы №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі;

3-орын – Романюк Анна Владимировна,Ақтас поселкесінің №16 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.