Размер шрифта:
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн - отырысы
22-05-2020 16:16
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн - отырысы

2020 жылдың 22 мамырында Zoom қосымшасы арқылы облыс колледждерінің «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн - отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінің 14 арнайыпән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар айтылды: ОӘБ-ның одан арғы жұмысын қашықтықтан талқылау; 2019-2020 оқу жылындағы ОӘБ жұмысының есебі; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары  және тағы да басқа сұрақтар.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды және ОӘБ жетекшісі Ю. И. Сапунов отырыстың қорытындысын шығарды.