Размер шрифта:
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2020» байқауының қорытындысы
22-05-2020 15:23
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2020» байқауының қорытындысы

2020 жылдың 22 мамырында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері арасында қашықтықтанөткізілген «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2020» облыстық байқауы  қорытындыланды.

Байқауға қатысушылар портфолио ұсынды: екі бейне сабақ, әдістемелік әзірлемелер, соңғы бес жылдағы жетістіктерінің авторлық бағдарламалары.

Байқауға барлығы 7 педагог қатысты, оның ішінде Жезқазғаннан – 1, Сәтпаевтан – 1, Сараннан – 2, Қарқаралы, Осакаров және Жаңаарқа аудандарынан 1 мұғалімнен.

Облыстық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Бас жүлде - К.С. Жукенов, Жаңаарқа ауданының №132 ЖОББМ;

I дәрежелі Дипломмен - А.С. Кусаинов, Қарқаралы ауданының                        №43 ЖОББМ;

II дәрежелі Дипломмен – А. Сансызбай, Осакаров ауданының                            №1 ЖОББМ;

III дәрежелі Дипломмен - Ж.К. Исабеков, Сәтбаев қаласының Абай атынд. №4 МЛ.

Байқау жеңімпаздарының дипломдарын «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, №201 кабинеттен 2020 жылдың 8 маусымынан кейін алуға болады.