Размер шрифта:
Директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ онлайн отырысы
25-05-2020 08:21
Директорлардың  оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ онлайн отырысы

2020 жылдың 25 мамырында ZOOM платформасында колледж директорларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Отырысқа 43 адам қосылды.

Отырыс «Сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен алмасу арқылы кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыру» тақырыбында өтті.

«ҚР Халық қаһарманы»  Ракымжан Қошқарбаев атындағы  Балхаш техникалық колледжініңкәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу бойынша тәжірибелері ұсынылды. 

Онлайн отырысқа әлеуметтік серіктес – «Балхаш Жібек Жолы» ЖШС директоры М.Ы. Тусупбеков қатысты.

Колледж директоры С.О. Бейсембеков сөз сөйледі.

Жұмыс тәжірибесімен әлеуметтік серіктес, директордың оқу-өндірістік ісіжөніндегі орынбасары және колледж оқытушылары: М.Ы.Тусупбеков,С.К. Байсеркин, С.Е. Сериковабөлісті

Өндірістік оқыту шеберлері колледж шеберханалары  бойынша бейне-экскурсия өткізді: Электршеберхана ( Жумагулова А. О.); Автошеберхана (Жакупова М. К.); Дәнекерлеу шеберханасы (Баймуханова А.С.); Құрылыс шеберханасы (Сакенова Ж. Д.); Көпір кранының шеберханасы (Сейдахметов Б. А.); Слесарлық шеберхана (Бижанбек М. З.).