Размер шрифта:
№14 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары
21-05-2020 08:27
№14 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары

2020 жылдың 21 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары өтті.

Барлығы 61  қатысушы қосылды.

Бекітілген кестеге сәйкес «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ, «Қарағанды индустриалды- технологиялық  колледжі» КММжәне «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.

YouTube арнасында тыңдаушылар үшін тікелей эфир көрсетілді, онда чатта вебинардың барлық қатысушыларымен кері байланыс жасалды. Вебинардың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша көруге болады https://www.youtube.com/watch?v=1VMhDwTw2WU.