Размер шрифта:
«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
27-05-2020 14:49
«ИНКЛЮЗИВТІ  БІЛІМ  БЕРУДІҢ  ҮЗДІК  ТӘЖІРИБЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ  БАЙҚАУЫНЫҢ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Байқау  материалдары  2020  жылдың  27  қаңтарынан  30  наурызына  дейін қабылданды.  Байқауға  барлығы  21  мектеп  қатысты  (8 - стажерлік  алаң,  13 - магниттік  мектеп).

Байқау  жұмыстарын  «Өрлеу  «БАҰО»  АҚ  Қарағанды  облысы  бойынша ПҚБАИ филиалының мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру  кафедрасының  аға  оқытушысы,  п.ғ.к.  А.Н. Сақаева,  ҚО  ББД  ОӘО әдіскерлері,  шығармашылық  топ  мүшелері  бағалады.

Байқау  жеңімпаздарын  құттықтаймыз!  

I  дәрежелі  Диплом  - Балқаш  қаласы  «Жалпы  білім  беретін  №1  орта мектебі»  КММ;  «Осакаровка  кентінің  №9  гимназия  базасындағы  тірек  мектебі  (ресурстық орталық)» КММ;

II  дәрежелі  Диплом  - Саран  қаласы  «№13 Жалпы  білім  беретін  мектебі»   КММ;

III  дәрежелі  Диплом  - Жезқазған  қаласы  «№21  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі» КММ; Сәтбаев  қаласы  «№7  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі» КММ.

Алғыс хаттармен марапатталады:Ұлытау  ауданы  «№7  Сарысу  жалпы  орта білім  беретін  мектебі»  КММ;Бұқар  жырау  ауданы  «Токаревка  орта  жалпы  білім  беру  тірек  мектебі  (ресурстық орталық)»  КММ.

Құрметті  байқауға  қатысушылар!  Дипломдар  мен алғыс  хаттарды Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу – әдістемелік орталығынан  2020  жылдың  8  маусымынан  бастап  алуға  болады,  201 кабинет