Размер шрифта:
ТжКББ ұйымдарының математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн отырысы
28-05-2020 15:25
ТжКББ ұйымдарының математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн отырысы

2020 жылдың 28 мамырында ZOOM платформасы арқылы ТжКББ ұйымдарының математика және физика оқытушыларының ОӘБ қорытынды онлайн отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінің 67 оқытушысы қосылды.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:

1. 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару, ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері - А.Т. Альханова;

2. 2020-2021 оқу жылына арналған ОӘБ жоспарының жобасын талқылау, математика және физика оқытушыларының ОӘБ жетекшісі - И.Г. Лопатко

3. ҚР нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Колледж өкілдері онлайн-отырыс жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.

Колледждердің 1 курс студенттерінің функционалдық сауаттылығын бағалау және білімді тәжірибеде қолдана білу үшін PISA (оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) өткізіледі. Осы тесттерді табысты тапсыру үшін отырыста PISA бағдарламасы бойынша тест сұрақтары бар онлайн-олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныс түсті.

Сонымен қатар, екі мамандық бойынша студенттер үшін математикадан өзіндік жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар жасау ұсынылды.