Размер шрифта:
«Әдеби-отбасылық қонақжай» жобасын іске асыру туралы
28-05-2020 08:41
«Әдеби-отбасылық қонақжай» жобасын іске асыру туралы

2020 жылдың 28 мамырында «Әдеби-отбасылық қонақжай» жобасын жүзеге асыру туралы» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарды өткізу үш жылдық жұмыстың нәтижелерін шығаруға, жобаны іске асыру аясында алынған тәжірибені көрсетуге бағытталған.

«Осакаровка кентінің №12 ОМ базасында тірек мектебі(РО)» КММ, «Бұқар Жырау ауданының «Үштөбе ЖОББМ(РО)» КММ, «Ұлытау №1 ЖББОМ базасында тірек мектебі (РО)» КММ, Жаңаарқа ауданының  «№132 жалпы білім беру мектебі» КММ, Қарқаралы ауданының «Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ОМ базасында тірек мектебі (РО)» КММ әдеби-отбасылық қонақжайлар өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында семинар қатысушыларына қонақжай жұмысының үзінділері ұсынылып, пікір алмасып, өз ойларын білдірді.

Онлайн семинарға 28 ұйым қосылды.