Размер шрифта:
Колледж директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ онлайн отырысы
27-05-2020 09:45
Колледж директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ онлайн отырысы

2020 жылдың 27 мамырында ZOOM платформасында колледж директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Отырысқа 55 адам қосылды.

Отырыс барысында «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - А.А. Акжанова «Қашықтықтан оқыту жағдайында ТЖПК-да аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу туралы» және «Қарағанды техникалық - құрылыс колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - А.М. Кешубаева «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде қашықтықтан оқыту режимінде оқу-дала жиындарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.

ТжКБ саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Отырыс соңында 2019/2020 оқу жылындағы ОӘБ жұмысының және онлайн отырыстың қорытындысы шығарылды.