«SANA skills» республикалық жобасы
29-05-2020 16:23
 «SANA skills» республикалық жобасы

2020 жылдың 29 мамырында облыс мектептерінің педагогтары мен оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері «SANA skills» пилоттық жобасын іске асырудың қорытындысы бойынша республикалық онлайн-конференцияға қатысты.

Онлайн-конференцияда 2019-2020 оқу жылында жобаны жүзеге асырудың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Асакаева Дана Саламатовна сөз сөйледі.

«SANA skills» жобасы Қарағанды облысының 5 пилоттық мектептерінің (Теміртау қ., Саран қ., Абай және Бұқар жырау аудандары) 1-4 сынып оқушыларының әлеуметтік-эмоциялық (эмоциялық интеллект) дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жобаға Қарағанды облысы бойынша 40 сынып қатысып, 900 оқушы қамтылды.